Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі

Негiзгi бет Департамент туралы Жарияланымдар Респонденттерге On-line есептілік Сатып алулар Сұрақ-жауап
Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті
 

070004, Өскемен қ., Тоқтаров көшесі, 85, e-mail: k.ibrayeva@stat.gov.kz факс: (8-7232) 25-27-81; тел: (8-7232) 25-27-81
 
Өңірлері
 
 
Өскемен қ.    
 
Семей қ.    
 
Риддер қ.    
 
Курчатов қ.    
 
Абай ауданы    
 
Аягөз ауданы    
 
Бесқарағай ауданы    
 
Бородулиха ауданы    
 
Глубокое ауданы    
 
Жарма ауданы    
 
Зайсан ауданы    
 
Зырян ауданы    
 
Катонқарағай ауданы    
 
Көкпекті ауданы    
 
Күршім ауданы    
 
Тарбағатай ауданы    
 
Ұлан ауданы    
 
Үржар ауданы    
 
Шемонаиха ауданы    
         
         
       
     
Облыс картасы   Фотогалерея


   
Сипаттама      

 

Облыс республиканың шығысында орналасқан, 1932 жылы құрылған.

283,33 мың шаршы км-ге созылып жатқан облыс аумағы жоғары Ертіс алабында орналасқан, оңтүстікте - Қытаймен және Алматы облысымен, солтүстік-шығыста – Ресеймен, батыста – Қарағанды және Павлодар облыстарымен шектесе-ді.

2013 жылғы 1 қаңтарға облыс халқының саны 1393,6 мың адамды құрады. Облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы (1 шаршы км аумаққа) 4,9 адамды құрайды.

Облыс аумағының басым бөлігін қатты қиылысқан таулы және ұсақ шоқылы рельеф алады. Шығыста Кенді Алтайдың: Иванов (2776 м), Қоржын (2565 м), Көксу (2028 м), Тигрец (2007 м), Оба (1967 м), Үлбі (1895 м) т.б. және Оңтүстік Алтайдың: Қатын (Мұзтау тауы, 4506 м), Оңтүстік Алтай (3483 м), Сарымсақты (3373 м), Күршім (2645 м), Азутау (2385 м), Нарын (1386 м) және т.б. жоталары орналасқан. Оңтүстігіне қарай Қалба жотасы (1660 м) мен Зайсан қазан шұңқыры, Тарбағатай (2992 м), Маңырақ (2053 м) және Сауыр (2930 м) жоталары орналасқан. Облыстың батыс бөлігін шығыс Сарыарқаның ұсақ шоқылары алады.

Табиғатының әртүрлілігі бойынша Шығыс Қазақстан республиканың оңтүстігінен кейінгі орында, ал жер қойнауының байлығы жағынан Оралмен теңдеседі.

Басты байлығы - көп компонентті поли-металл кендері. Негізгі металдары - қорғасын, мы-рыш және мыс, ал ілеспе металдары – алтын, күміс, сурьма, сынап, кадмий, вольфрам, молибден, висмут, таллий, индий, теллур, ниобий және басқа сирек кездесетін металдар. Полиметалл кендерінен басқа, Алтай тауларында қалайы, тантал, титан, магний, никель және кобальт кеніштері бар.

Жазықты және таулы аймақтарының климаттық жағдайы температуралық режимімен, сондай-ақ жауын-шашынның мөлшерімен де ерекшеленеді. Облыстың шөл және шөлейт аудандарындағы ауа райының күрт континенттігі таулы және тау етегіндегі аудандарда анағұрлым бірегейленеді.

Қысы суық, әрі ұзақ. Ең суық айы – қаңтар, ауаның орташа айлық температурасы -12, -17°С, кей жерлерде -23, -27°С. Ең жылы ай – шілденің температурасы 15-24°С. Ауаның қыстағы ең төменгі температурасы -20, -32°С, ал кейбір жылдары қыста абсолютті ең төмен температура -51, -54°С дейін жетеді. Ауаның ең жоғары абсолютті температурасы 35-45°С құрайды. Таудағы жазғы орташа темпе-ратура оның биіктігіне қарай ауытқиды. 

Облыстың солтүстік-шығысында (таулы және тау етегіндегі аудандардың) жоғары тәуліктік температурасы 0°-тан жоғары жылы кезең 200 күн-ге, облыстың оңтүстігінде (жазықтағы, шөл және шөлейт аудандарда) 200-ден 230 күнге дейін созылады.

Жылдық жауын-шашын мөлшерінің таралуы әркелкі. Облыстың солтүстік-шығысында (таулы және тау етегіндегі аудандар)  жылына 400-650 мм, жауын-шашынның ең аз мөлшері тау аралық ойпаттарда 200 мм-ден аз. Жылы кезеңдегі жауын-шашын (IV—X) суық кезеңдегі (XII—III) жауын-шашынның шамасынан артық. Бұл облыстағы ауа райының континенттігін көрсетеді. Аумақтың басым бөлігіндегі жауын-шашынның ең көп мөлшері жаз айына, әсіресе жаздың екінші бөлігіне келеді. 

Желдің орташа жылдамдығы 2-5 м/с. Дегенмен облыстың жекелеген аудандарында қатты жел (15 м/с және одан да көп) болып тұрады. Облыс аумағының басым бөлігінде жыл ішінде орташа алғанда оңтүстік-шығыс және оңтүстік, оңтүстік бөлігінде – шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел жиі соғады. Жаңғызтөбе, Ақтоғай стансалары аумағында желдің қатты соғуы байқалады. 

Басты су артериясы – көп салалы Ертіс өзені (ұзындығы 4248 км, облыс шегінде – 1311 км). Ірі көлдері: Зайсан, Алакөл (2650 км2), Сасықкөл (736 км2), Марқакөл (455 км2). Ертісте Бұқтырма, Жаңа Шүлбі және Өскемен су қоймалары салынған.

Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары, Катонқарағай табиғи паркі, “Семей Орманы” табиғи орман резерваты бар.

Облыс орталығы Кенді Алтайдың тау бөктеріндегі Өскемен қаласында орналасқан және 1720 жылы негізі қаланған. 2013 жылғы 1 қаңтарға қалада 321,3 мың адам немесе облыстағы барлық халықтың 23,1%-ы тұрды. Өскеменнен Астанаға дейінгі ара қашықтық – 1084 км.

Облыста 15 аудан мен 6 қалалық әкімшілік, 2 ірі қала (Өскемен және Семей) және 8 кішігірім қала, 3 кент 786 селолық және ауылдық елді мекен бар. Қала халқының саны 815,5 мың (58,5%), ауыл халқы – 578,1 мың (41,5%) адамды құрайды.

Облыста 729 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (онда 172,7 мың оқушы оқиды), 73 колледж (42,1 мың оқушы), 8 кәсіптік мектеп (2,0 мың оқушы) және 10 жоғары оқу орны (37,2 мың студент) бар.

Облыста 93 аурухана және 725 амбулато-риялық-емханалық мекеме бар, оларда барлық мамандықтың 5,7 мың дәрігері және 14,0 мың орта медициналық қызметкер еңбек етеді.

2011 жылы Шығыс Қазақстанның өңірлік жалпы өнімі 1624,3 млрд. теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы өңірлік жалпы өнім 1163,1 мың теңге деңгейінде қалыптасты.

Облыста 10,1 млн. гектар ауыл шаруашы-лығына пайдаланылатын жер бар, оның 1,3 млн. гектары – егістік жер. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 418 ауыл шаруашылық кәсіпорны, 13,7 мың шаруа немесе фермер қожалығы, 224,2 мың жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылығы (саяжай телімдерін қоспағанда) айналысты. 2012 жылы өндірілген ауыл шаруашылығының жалпы республикалық өнімінің жалпы көлеміндегі облыстың үлесі 11,9%-ды құрады.

2012 жылы дәнді дақылдар өндіру (таза-ланғаннан кейінгі салмақта) 580,9 мың тоннаны, соның ішінде бидай – 376,6 мың тоннаны, күнбағыс (тазаланғаннан кейінгі салмақта) – 264,8 мың тонна-ны, картоп – 393,9  мың тоннаны, көкөніс  - 219,8 мың тоннаны құрады; 130,9 мың тонна ет (сойыс салмағында), 740,1 мың тонна сүт, 135,7 млн. дана жұмыртқа, 4,7 мың тонна (нақты салмақта) жүн өндірілді.

2012 жылдың соңына облыста ірі қара мал саны 740,2 мың бас (соның ішінде 353,9 мыңы – сиыр); қой және ешкі – 2196,4 мың, шошқа – 93,5 мың, жылқы мен түйе – 216,0 және 0,5 мың бас, құс – 2954,3 мың басты құрады.

2012 жылы облыста 6117,2 мың тонна тас көмір, 2166,7 мың тонна мыс кені, 4101,5 мың тонна мыс – мырыш кені, 6636,8 мың тонна қорғасын – мырыш кені; 83,2 мың тонна өңделмеген тазартылған қорғасын, 319,8 мың тонна мырыш, 46527 тонна өңделмеген тазартылған мыс, 6859,0 млн. кВт сағат электр энергиясы, 11129,5 мың Гкал жылу энергиясы, 2284,0 мың тонна портландцемент, 36,2 мың жұп киізден және жұқа киізден аяқкиім, 18188 тонна үй құсының мұздатылған еті, 1316 тонна шұжық өнімдері, 90000 тонна тазартылмаған өсімдік майы, 973 тонна сары май, 193,1 мың тонна дәнді дақылдардан ұн және өсімдік ұны, 313,0 мың литр арақ өндірілді.

2012 жылы облыс бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 266,2 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың республикалық көлеміндегі Шығыс Қазақстанның үлестік салмағы 4,9%-ға тең келеді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция-лардың технологиялық құрылымы: ғимараттар мен үйлердің құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінің 50,1%-ын, машиналар, жабдықтар, құрал–сайман, мүккамал – 42,3%-ын, өзге де күрделі жөндеу мен шығындар 7,6%-ын құрады.

Барлық инвестициялардың (147,5 млрд. теңге) жартысынан астамы өнеркәсіпті дамытуға бағытталды. Одан басқа қаражаттың басым бөлігі – 25,8 млрд. теңге - көлік және қоймалауға, 21,3 млрд. теңге жылжымайтын мүлікпен операцияларға, 13,6 млрд. теңге денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер мен білім беруге келеді.

 

 

 
       
       
       
 Сегодня посетителей 318
 Сейчас на сайте 15

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлігі)» сәйкес бұл материал көбейтуге (көшіруге) жатпайды, статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында (басылымдарында) пайдаланған жағдайда

© Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті, 2003-2014 жж.

Соңғы жаңартулар
15.08.2014 11:05

Сайт администраторының
телефоны 25-27-82